Асланбек Шымбергенов қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асланбек Шымбергенов қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты

06.03.2024

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов келесі кезеңге өтті. 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан жерлесіміз Финляндия боксшысы Сэм Мороватиді 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Енді Асланбек келесі кездесуін ертең өткізеді. Естеріңізге салайық, Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж олимпиадасына ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу