Астанаэнергосбыт компаниясы тұтынушыларға 209 мың теңге қайтаратын болды. Мұны табиғи монополияларды реттеу агенттігі хабарлады. Қаңтар айында қала тұрғындары жылу төлемінің тым қымбат шыққанына шағымданған еді. Кезектен тыс тексеру нәтижесінде олардың есептеу құрылғысы жоқ тұтынушылардан да ақы алғаны анықталған. Компания енді заңсыз алған төлемді қайтарып қана қоймай оның 10 пайызын айыппұл ретінде төлейді.
Оңғар Алпысбай