Алматыдағы жер сілкінісі: Жедел желіге 239 қоңырау түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы жер сілкінісі: Жедел желіге 239 қоңырау түскен

05.03.2024

Алматыда жер сілкінген соң қосылған жедел желіге ақпараттық сипатта 239 қоңырау түскен. Ал бүлінген әлеуметтік нысандар мен көп пәтерлі үйден 156 өтініш тіркелген. Уақытша паналау орындарында әлі 102 адам бар. Оның 43-і бала. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, әуежай, темір жол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Айта кетейін, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 31 шақырым жерде тіркелген. Шаһар мен оның маңындағы тұрғындар 5 балдық деңгейде сезінді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу