Бұқтырма су қоймасындағы арал 1,5 млрд теңгеге сатылымға қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұқтырма су қоймасындағы арал 1,5 млрд теңгеге сатылымға қойылды

27.11.2020

Шығыс Қазақстанның Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды. Оның иесі 225 гектар жерді 1,5 миллиард теңгеге бағалап отыр. Әлеуметтік желіге тарап, халықтың қызу талқысына түскен хабарландыруда осы аймақта 100-ге жуық демалыс базасы бар әрі бұл жер туризмді дамыту үшін қолайлы делінген. Хабарламаның авторы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Сәбет Мұхитов жеке меншігіндегі жер учаскесін сатамын деген хабарлама арқылы инвестор таппақ. Ол соңғы 20 жылдан бері осы аралда туризмді дамыту бойынша бірнеше бизнес жоба жасаған. Бірақ қаржының жоқтығы қолбайлау болып отыр.

Сәбет Мұхитов Өскемен қаласының тұрғыны:
Негізгі мақсатым туризмді дамыту. Мен ол жерді сақтап отырмын. Қазір маған біреу келіп, қоңырау шалып бірлеміп істейік десе, онымен мен бірден қағаз жүзінде келісімшартқа отырып, құрылтайшы ретінге кіргізіп, серіктес болып екеуміз істейміз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу