Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді. Әрі облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
Негізгі экономикалық көрсеткіштер оң динамика көрсетіп отыр. Бұл президенттің тапсырмасына сәйкес үкіметтің орталық мемлекеттік органдардың қолдауымен облыста атқарылып жатқан істердің нәтижесі.