Шығыстағы Алтай қаласын қоқыс басып барады. Тұрғындардың айтуынша тұрмыстық қалдықтар қыс бойы шығарылмағанын. Қазір әрбір контейнердің қасында тау болып үйіліп жатыр. Енді күн жылынғанда қар суымен бірге жан-жаққа жайылуы мүмкін. Ал осы салаға жауапты мамандар қатты аяз бен қардың қалыңдығынан коммуналдық қызметтің жұмысы тұралап қалғанын айтады. Оған қоса техниканың көбі ескі.
Дәулетбек Қайырбеков, Алтай қаласының тұрғыны:
Білмеймін енді қоқыс не себепті шығарылмай жатқанын? Қардың қалыңдығы ма? Фирмалардың жетіспеушлігі ма, түсінбедік. Ешкім келмеді. Шығармады. Қыстай осында жатыр. Қардың асты толған қоқыс.
Игорь Оконешников, Алтай қаласының әкімі:
Қоқыстың уақытылы шығарылмай жатқанын білеміз. Бізде -40 градусқа дейін аяз болды. Арнайы техника -30 градустан соң, жүрмей қалады.Қарда тоқтаусыз жауды. Бірақ оған қарамастан соңғы бір аптада жұмыс қайта жанданды.
Олжас Керейхан