«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы ант берді

04.03.2024

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының жаңадан тағайындалған төрағасы лорд Ян Бернет бүгін ресми ант берді. Ақордада өткен рәсімге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Ант беру рәсіміне қазақ шапанын киіп келген Ян Бернет адал қызмет етуге ант етті. Ал Президент оны қызметке тағайындалуымен құттықтап, алдағы ісіне сәттілік тіледі. Жалпы Қаржы орталығы жанындағы сот, коммерциялық дауларды шешуде елеулі рөл атқарады. Сондықтан президент дауларды шешуде халықаралық құқықтың үздік тәжірибелерін пайдаланып, заманауи технологияны, оның ішінде жасанды интеллектінің әлеуетін белсенді түрде қолдану қажеттігін айтты.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу