Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұсаукесер рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұсаукесер рәсімі өтті

04.12.2018

Кездесуде Лондонның іскер қауымына қаржы орталығының жұмысы таныстырылып, мүмкіндіктері мен тартымды тұстары туралы мол мәлімет берілді. Құрылғанына аз ғана уақыт болғанымен, «Астана» халықаралық қаржы орталығы өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Бүгіннің өзінде орталықтың алаңында ресми іске қосылған сәттен бастап 100 компания тіркелген. Орталықтың мақсаты - қаржы қызметтері мен капитал нарығында инвестиция үшін тартымды орта құру, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қолдана отырып, ел экономикасына инвестиция тарту.

Леди Барбара Джадж, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті директорлар кеңесінің төрағасы:

- Қазақстан неге ерекше мемлекет екенін қаржылық қызмет көрсету саласының өкілдері түсіну үшін осындай шаралардың маңызы зор. «Астана» халықаралық қаржы орталығы - керемет. Өйткені, бүгінгі таңда адамдар жаңа халықаралық секторда бизнеспен айналысуға ұмтылады. Олардың сұрақтарына біз жауап беруге және түсіндіріп айтып беруге дайынбыз.

Лорд Вульф, АХҚО сотының төрағасы:

- Мен Астанада болғаныма өте қуаныштымын. Сот саласы қарқынды даму үстінде. Қазақстан бизнес саласына ашық және қолайлы мемлекет екені байқалады.

Индира БЕКТЕНОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу