Парижде Олимпиада қарсаңында жол ережесі жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде Олимпиада қарсаңында жол ережесі жеңілдетілді

02.03.2024

Парижде Олимпиада қарсаңында көлік қозғалысындағы шектеулер жеңілдетілді. Бұны осы мегаполистің полиция басшысы мәлімдеп отыр. Оның сөзінше, Жазғы ойындар өтетін нысандардың маңындағы «қызыл аймақ» деп аталатын территорияға енді автомашиналар емін-еркін кіре алады. Ең бастысы - жүргізушілер алдын-ала онлайн тіркелсе болғаны. Ал осыған дейінгі тәртіпке сәйкес, «қызыл аймаққа» Олимпиада билетін сатып алғандар мен төтенше қызмет машиналарының енуіне ғана рұқсат етілген еді.

Айта кетсек, Париж Олимпиадасы биыл 26 шілдеде басталып, 11 тамызда аяқталады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу