«Арайлы Атамекенім». Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Алғыс айту күніне арналған ерекше челлендж қолға алынды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, челленджді ұйымдастырудағы мақсат - халықтың ауызбіршілігін нығайтып, патриотизмді насихаттау.
Бұл шараға кез келген қазақстандық қатыса алады. Ол үшін Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін шырқап, #АрайлыАтамекенім хештегімен әлеуметтік парақшаларыңызда бөліссеңіз жеткілікті. Айта кету керек, науқан 3 наурызға дейін жалғасады.
Нұрсұлтан Тілектес