Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарына шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды. Мәселен медициналық ұйымдарға отандық жиһаздар мен құрылыс материалдарын көбірек пайдалану қажет деді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Қор басшылығының назарын бірінші кезекте осыған аударғым келеді. Өткен аптада ғана жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басшысы Әбдікәрімова Салтанат «Самұрық-Қазына» қорының тауар сатып алу саясатын сынға алып, конкурстарда шикіліктің барын айтып, шағымданды. Мен кәсіпкерлердің пікірін қолдаймын. Біз осы саладағы жағдайды түбегейлі өзгертіп, отандық өндірушілерді қолдау жүйесін құруға тиіспіз.