Өзбекстанда қауіпті дәріні сатқандарға үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда қауіпті дәріні сатқандарға үкім шықты

27.02.2024

Ташкентте «Док-1 Макс» препараты төңірегіндегі дауға нүкте қойылды. «Өзбекстан Жоғарғы соты мәліметінше, сот фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы Сардор Кариевті кінәлі деп таныды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орынбасарлары 16 жылға сотталды.

Ал «Quramax Medikal» серіктестігі директоры болған Үндістан азаматы Рагвендра Пратарға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылар аталған дәрінінің салдарынан көз жұмған 68 бала мен ауыр халде жатқан 4 баланың отбасына 1 млрд сум өтемақы төлеуі тиіс. Ал денсаулық жағдайы орташа деп бағаланған жәбірленушілерге 500 млн сум, сауығып шыққан 8 балаға 200 млн сум беруді міндеттеді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу