Үндістанның «Марион Биотек» компаниясы жөтелге қарсы сироп шығаруды тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның «Марион Биотек» компаниясы жөтелге қарсы сироп шығаруды тоқтатты

30.12.2022

Үндістанның «Марион Биотек» компаниясы жөтелге қарсы сироп шығаруды тоқтатты. Өзбекстанда осы дәріні ішкен 18 бала қайтыс болған соң, фармацевтикалық фирма осындай шешім қабылдап отыр. Қайғылы оқиғаға байланысты өндіріс орнында тексеру жүргізілген. Этилен-Гликоль улы заты қосылған сиропты ата-аналар суыққа қарсы дәрі деп түсінген. Фармацевтердің кеңесімен оны балаларға мөлшерден тыс дозамен берген болуы мүмкін. Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбіде осылай деп мәлімдеген еді. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу