Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Шешім бүгін Астанада өткен ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы барысында қабылданды. Дауыс беруге қатысқан 34 адам Геннадий Головкиннің кандидатурасын қолдаса, екеуі қалыс қалған. Қазақстандық боксшы енді кемі 4 жыл Ұлттық олимпиада комитетін басқарады. Оған дейін бұл қызметті 2015 жылдан бері Тимур Құлыбаев атқарып келгенін айта кетейік.