2026 жылға дейін 10 су қоймасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2026 жылға дейін 10 су қоймасы салынады

26.02.2024

Елімізде 2026 жылға дейін 10 су қоймасы салынады. Су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған ауқымды жобалар республиканың оңтүстік өңірлерінде бірінші кезекте қолға алынбақ. Қызылордада су ресурстары бойынша Сенат депутаттарының көшпелі отырысы өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды.

Соның ішінде, сала министрлігі әзірлеген су ресурстарын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен жаңа Су Кодексіне енгізілетін өзгерістер кеңінен айтылды. Бүгінде 14 мың шақырымнан астам каналдар жүйесі мен гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғыртуды қажет етеді. Сондай-ақ, елімізде су мамандары тапшы. Сенат депутаттары тұралап қалған саланы түлететін кадр мәселесіне баса назар аудару қажет деп отыр. Сондықтан, су шаруашылығына жас мамандарды тарту үшін олардың әлеуметтік әлеуетін көтеру бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныстар жолдамақ.

Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Су пайдалану мәселелерінде заманауи жаңа технологияларды алып келу мәселесі. Суды үнемдеу мәселесі. Су мәселесіне тиесілі кадрларды дайындау осы мәселелер талқыланып жатыр. Осы көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша комитет өз ұсынымдарын дайындайтын болады.

Әбдібек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу