Алимент борышкерлері 426 млн теңгені құмар ойындарға шашқан. Алматы облысының прокуратурасы бұл бойынша 157 адамды анықтады. Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына немқұрайлы қарап, букмекерлік кеңселерде ойын ойнаған. Бүгінде 31 адам алимент бойынша 38 миллион теңге қарызды өтеді. Алты борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданған. Ал қалған борышкерлермен жұмыс жүргізіліп жатыр.
Динара Жарқынбек