Бүгін Қазақстан баспасөзінің үздік журналистері Президенттің гранттары мен сыйлықтарына ие болды. Ең жоғарғы марапатты Мемлекеттік хатшы табыс етті. Гүлшара Әбдіқалықова алдымен Елбасының алғысын жариялап, қалам иелерін төл мерекемен құттықтады. Ширек ғасырда мемлекетіміздің іргесі берік, келешегі кемел болуына отандық БАҚ-тың қосқан үлесін атап өтті. Билік пен халық арасында алтын көпір бола отырып, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін дер кезінде және шынайы көрсете білді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ