Қымбат Досжан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісіне ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қымбат Досжан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісіне ие болды

14.12.2020
Қымбат Досжан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының  төсбелгісіне ие болды

«Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» бағдарламасының авторы және жүргізушісі Қымбат Досжан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісіне ие болды. Журналистер арасындағы екі конкурс пен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының наградалары туралы жазған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев  журналистер қауымына жүктелетін міндеттің салмағы ауыр дейді. 

«Биыл Сенат журналистер күніне орай «Аманат» және «Туған ел» байқауларын өткізген еді. Бүгін осы конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттадық.  Салтанатты рәсімнің Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылуының символикалық мәні бар. Өйткені, Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Егемендіктің арқасында еңселі ел болдық. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының және журналистиканың дамуы да осы Тәуелсіздіктің арқасы екені анық. Қазір қоғам үшін ақпараттың орны бөлек. Сын-қатерлер көбейген бүгінгідей заманда оның мәні бұрынғыдан да арта түсті. Сондықтан журналистер қауымына жүктелетін міндеттің салмағы ауыр, маңызы зор екені сөзсіз», - дейді Мәулен Әшімбаев. 

Жалпы, Сенат конкурсына еліміздің республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысып, бүгін үздік дегендер жеңімпаз атанған. Оларды Мәулен Әшімбаевпен қатар, Сенат депутаттары да бірге құттықтап, пікір алмасты. Ал, арнаның ардагер жүргізушісі, халықтың сүйікті дикторы Қымбат Досжан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының наградасына ие болды. «Барша марапат иелерін құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін! Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ Елі мәңгілік жасай берсін!», - дейді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 


Сенат Журналистер Қымбат Досжан

Хабарламаларға жазылу