Кітапхана ісі туралы арнайы заң керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітапхана ісі туралы арнайы заң керек

27.06.2016
Кітапхана ісі туралы арнайы заң керек

Қазақстанның кітапханашылары «Кітапхана ісі туралы» заң жобасын әзірлеуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық кітапханада өткен Қоғамдық кеңестің отырысында ҚР Ұлттық кітапханасының жетекшісі Жанат Сейдуманов мәлім етті.

«Бүгінгі күні Қазақстанда кітапхана ісі «Мәдениет туралы» заң аясында реттеледі. Бұл заңның нормалары негізінен ұлттық кітапханалар үшін жазылған, ал кітапханалық желілер мәселесі реттелмей отыр. Қазіргі күні біздің ойымызша, Қазақстандағы кітапхана ісі туралы жеке заң қабылдау мәселесін көтеретін уақыт жетті», - деді ол.

Ж.Сейдумановтың айтуынша, жаңа заң жобасында облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар қызметі қарастырылып, олардың қорларын жинақтау туралы нормалар қамтамасыз етілуі шарт.

«Әсіресе, қорларды жинақтау мәселесі қазіргі таңда өткір күйінде қалып отыр. Бұл негізінен жергілікті биліктің жеткіліксіз қаржыландыруы салдарынан орын алған. Өйткені, шындығында қорларды жинақтау мәселесіне келгенде қаражат жетпейді», - деді Ж. Сейдуманов.

Хабарламаларға жазылу