Ардагерлер туралы заң керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер туралы заң керек

29.11.2019

Ауған соғысы ардагерлеріне және Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға ардагер мәртебесін беру керек. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде ардагер жауынгерлер айтты.

Жиналғандардың сөзінше, олар заң бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандармен теңестірілген. Алайда, мемлекеттен берілетін көмек мардымсыз. Жалпы елімізден Ауған соғысына 22 мың, Чернобыль апатын жоюға 30 мыңнан астам адам қатысқан. Ал қазір 14 мыңға жуық Ауған соғысы мен 4500-ден астам Чернобыль ардагері қалған. Жыл өткен сайын қатарлары сиреп, азайып барады. Сондықтан олар тиісті орындар осы мәселені тез арада шешіп берсе деген ниеттерін жеткізді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу