Абай облысында полиция аязда жолда қалған Моңғолия азаматтарына көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында полиция аязда жолда қалған Моңғолия азаматтарына көмектесті

23.02.2024

Абай облысында Моңғолия азаматтарын полиция қызметкерлері қатты аязда құтқарып қалды. Минивэн көлігін мінген отбасы Алматыға бара жатып жолда қалған. Жолаушылардың арасында кішкентай бала болған. Жарма аудандық полиция қызметкерлері оларды дер кезінде байқап, жылыту пунктіне жеткізді. Дәл осы Жарма ауданында далада адасып кеткен екі ер адам құтқарылды. Олар Суықбұлақ ауылынан трактормен жолға шыққан. Қатты аязда дизель қатып қалып, адасқан.

Ал Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы тасжолының бойында көліктері тұрып қалған шетел азаматтары құтқарылды. Қазақстан арқылы Ресейге бет алған автобуста 55 Тәжікстан азаматы болған. Оның алтауы бала. Жолаушылар қауіпсіз жерге жеткізілді. Жалпы облыста бір апта бойы аяз күшейіп, оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқыды.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу