Жетісу облысында көктемгі қар еру кезінде су басуы ықтимал 31 елді мекен бар. 22 ауылда уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесімен су басу қаупі төмендетілді. Қалған 9 елді мекенде төтенше жағдайдың алдын алу шаралары басталып кетті. Ескелді, Панфилов, Кербұлақ, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында өзен мен каналдардың арналары тазартылып, жағалары бекітілуде. Дамбылар тереңдетіліп, қауіпті учаскелерде өзен арналарын бұру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы билік өкілдерімен басты назарды тау етегінде орналасқан ауылдарға аударып отыр.
Ринат Тазабеков, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
Бізде су тасқыны кезеңінің екі толқыны өтеді. Бірінші толқын ақпан айының аяғынан наурыз айының соңына дейін жалғасады. Екінші толқын 2000-3000 биіктіктегі таулардың мұздықтардың еруінен өзендердің су деңгейі көтеріледі. Ол мамыр айынан маусым айына дейін жалғасады. Енді қазір біз бірінші толқынға дайындықты жүргізіп жатырмыз.
Қ. Қанатұлы