Су үнемдеу технологияларын енгізу заңмен міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су үнемдеу технологияларын енгізу заңмен міндеттеледі

22.02.2024

Қазақстан су ресурстарын пайдаланудың жаңа заманауи тәсіліне көшуі керек. Олай етпесе, алдағы жылдары ауыз су ғана емес, техникалық судың да тапшылығы болуы мүмкін. Астанада өткен су технологиялары мен ресурстары бойынша халықаралық форум кезінде осы мәселе көтерілді. Қазір елімізде жаңа су кодексі әзірленіп, мәжілістің қарауына берілген. Одан бөлек, 2024-30 жылдарға арналған арнайы тұжырымдама да бекітілген. Оның негізінде жұмыстар үш бағытта жүргізіледі. Әуелгісі халықтың су үнемдеу мәдениетін арттыру. Екіншісі көрішлес елдермен трансшекаралық ынтымақтастықты арттыру. Және соңғысы барлық салаға су үнемдеу технологияларын енгізуді заң бойынша міндеттеу. Бұл мәселелер су кодексінде де көрсетілген.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Су кодексін қабылдағаннан кейін өтпелі кезең болады. 2 жыл деп отырмыз. Сол 2 жыл өтпелі кезеңнің ішінде барлық кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер міндетті түрде суды қайта пайдалану құрал жабдықтарын орнату мәселесін, оны орнату жоспарын өткізу керек бассейндік инспекцияларға. Содан кейін 5 жылдың ішінде оны міндетті түрде орындау.


Хабарламаларға жазылу