Екпе алмаған бала үшін балабақша жауап береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе алмаған бала үшін балабақша жауап береді

22.02.2024

Денсаулық сақтау министрі екпе алмаған балалар үшін балабақшаларды жазаға тартуды ұсынды. Ата-аналар ашық интернет көздерінен түрлі ақпаратты оқып, міндетті медициналық екпелерден үркіп жүр, дейді. 

Мектепке дейінгі орталықтарға қызылша мен паротитке қарсы вакцина екпеген балақайды тәрбиешілер кіргізбеу керек. Бұлай етуге олардың толық құқығы бар. Ал бұл жүйемен жұмыс істемегендерге айыппұл салынбақ. Министр осылай балаларға уақытында екпе салуды біріздендірмек. Ақмарал Әлназарова бұл шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығы мен болашағы үшін жасалып жатқанын алға тартып, екпеден қорықпауға шақырады.


Хабарламаларға жазылу