Астанада өңірлік сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өңірлік сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

22.02.2024

Астанада Өңірлік сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оған еліміздің барлық аймағынан 40-тан астам сарапшы мен қоғам белсенділері қатысты. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған іс-шараның мақсаты - аймақтардың дамуына серпін беру. Ол үшін өңірлердегі сала-сала бойынша белсенділердің басын біріктіріп, келелі мәселелерді кеңесе отырып шешу маңызды. Сонда облыстардағы мәселелерді көтеру мен оларды шешу жолдарын орталыққа уақытылы жеткізіп, ұсыну оңтайланады дейді орталық сарапшылары.

Алуа Жолдыбалина, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

Орталықтан аймаққа емес, аймақтан орталыққа бізде принципі болу керек те. Яғни, біз ұсыныстың барлығын аймақтан алуымыз керек. Сарапшылардың базасын жасап, су мәселесі бола ма, энергетика бола ма нақты бір сала бойынша аймақтың жұмысын жандандырудың арасында жаңағы сарапшылармен терең жұмыс істейміз.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу