Сауд Арабиясы бүгін өзінің құрылған күнін атап өтіп жатыр. Бұл корольдіктің негізін 1727 жылы ақпанның 22-де имам Мұхаммед бин Сауд қалады.
Сауд Арабиясы Таяу Шығыста орналасқан және ол Араб түбегінің басым бөлігін алып жатыр. Сонымен қатар, Саудия - жер көлемі жағынан Азияның бесінші ірі мемлекеті. Оның халқының саны 36 миллионға жақындап қалса, жалпы ішкі өнімі 833 миллиард доллардан асып отыр.
Тағы бір айта кететін жайт – Сауд Арабиясы әлемдегі екінші ірі дін – Исламның отаны. Ал осы монархияның Қасиетті Мекке мен Мәдина шаһарлары орналасқан Хиджаз аймағына қажылыққа жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірнен миллиондаған мұсылман баратын белгілі.
Арыстан Рысбек