Талдықорғанда ұлттық киімдер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ұлттық киімдер байқауы өтті

13.11.2019

Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үкілі серуен» атты ұлттық киім байқауы ұйымдастырылды. Шараға Жетісудің киім дизайнерлері, шеберлері қатысты. Алматы облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған шарада тігіншілер ұлттық нақыштағы үздік киімдерін жұрт назарына ұсынды. 

Байқаудың алғашқы кезеңінде 10 шебер бақ сынады. 17 аудан мен 3 қаладан қатысып, үздік деп табылғандар қаржылай марапаттарға ие болды. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу