Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. «Ақорданың» хабарлауынша аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады.
Торғын Мелісқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/189509/)