«Қазгидромет» ел аумағында қатты аяз болатынын ескертті. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Жетісу облысында -30, -35 градус, Шығыс Қазақстан облысының кей бөлігінде -45 градус аяз болады. Абай облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарда дизельді отынмен жүретін көліктер мен жолаушылар автобусының қозғалысына шектеу енгізіледі деп жоспарланған.
Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауды ескертеді.