Елімізге сырттан келетін тауарлар бақылауға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге сырттан келетін тауарлар бақылауға алынады

16.02.2024

Осы мәселе бойынша Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы штаб құрылғанын жеткізді. Оның құрамына Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енген. Енді сырттан келетін тауарларға мониторинг жүргізіліп, арзан және күмән келтіретін өнімдер қатаң бақылауға алынады.

Бауыржан Қасымов, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

Жалпы, осы сұрақ бойынша Сауда және интеграция министрлігінде ақуалдық штаб құрылды. Бұл штабтың жұмысының мақсаты ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның ішінде басқа өңірлерден келетін импорттық тауарларға мемлекеттік бақылау жүргізу мәселесі. Әр мекеме өз құзыреттік шеңберінде ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс шаралар жүргізіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу