Түркістан мектептерінде ұлттық киім кию трендке айнала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан мектептерінде ұлттық киім кию трендке айнала бастады

16.02.2024
Түркістан қаласындағы мектептерде ұлттық киім кию трендке айнала бастады. Қазір қаладағы бірқатар білім ошағында ұстаздар мен оқушылары білім ордасына зерлі шапан, оюлы тақия және заманауи үлгіде тігілген ұлттық киіммен келуді әдетке айналдырған.

Солардың бірі №23 мектепте балалар ұлттық нақыштағы киімді мектеп формасы ретінде киіп жүр. Бұл бастаманы тек балалар емес, ұстаздар да қолдап, костюмді шапанға алмастырған. Әдемі дәстүрді ұлықтап жүрген жеткіншектер мұны мақтаныш көреді. Оқушылардың сөзінше, бұл бастама патриоттық сезімге баулып, елді, жерді сүюге шақырады. Бұл мектептің керемет үлгісі бүгінде қаладағы өзге де білім ошақтарына тарай бастаған. Айта кетейік, Ұлттық арна ұжымы да әр жұма күні жұмысқа ұлттық киіммен келуді насихаттап келеді.

Айгүл Ақылбекова, мектеп директорының орынбасары:

Осы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында былтырдан бастап біз мейрам кездерінде киген болса, оқушыларымыз, Биылдан бастап ұлттық киімдерімізді мектеп формасына айналдырып отырмыз. Осы ұлттық құндылықтарды сабақтарға да кірістіріп жатқан жөніміз бар.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу