Норвегия соты 77 адамды өлтірген Брейвиктің түрмедегі жағдайын жеңілдетуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегия соты 77 адамды өлтірген Брейвиктің түрмедегі жағдайын жеңілдетуден бас тартты

16.02.2024

Норвегия соты жаппай адам өлтіруші Андерс Брейвиктің түрмедегі оқшаулауды тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Сотталушы өткен айда да абақтыдағы жағдай оның адами құқықтарын бұзып жатқанына шағымданған.

Брейвик 2011 жылы оқ жаудырып, бомба жарып 77 адамды мерт қылды. Содан кейін ол 21 жылға сотталды. Қылмыскер қоғамға қауіп төндірген сайын бұл мерзім ұзартыла бермек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу