Журналист Хашоггиді өлтірген сотталушылардың жазасы өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Хашоггиді өлтірген сотталушылардың жазасы өзгертілді

08.09.2020

Сауд Арабиясының соты Американың «Вашингтон пост» газетінің тілшісі Джамал Хашоггиді өлтірген 8 адамды өлім жазасынан босатты. Жаңа үкім бойынша олардың бесеуі 20 жылға, біреуі – бір жылға, қалған екеуі 7 жылға түрмеге қамалды. Мұндай шешім журналистің ұлының сотталушыларды кешіргеннен кейін қабылданған. Хашогги 2018 жылы қазанның 2-де Саудияның Стамбұлдағы консулдығында мерт болды. Сол күні Түркияға арабиялық Корольдіктен 15 агент ұшып барған. 

Айта кетсек, осы қастандыққа дейін Хашогги Саудия ханзадасы Мұхаммед бин Салман мен монархия үкіметін сынап мақалалар жариялаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу