Президент: Келіссөздер екі тарапқа да пайдалы әрі жайлы болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Келіссөздер екі тарапқа да пайдалы әрі жайлы болуы тиіс

15.02.2024

Келіссөздер екі тарапқа да, пайдалы әрі жайлы болуы тиіс. Бұл Президенттің шетелдік сапарларда ең жиі қолданатын сөзі. Мұны Қатарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелде аудармашысы болған Әсел Наурызбаева “Ақорда” арнайы жобасына берген сұхбатында айтты. Маман Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестерімен кездесуде келіссөздің сәтті өтуіне ерекше назар аударатыны- әр сөзінен байқалып тұратынын жеткізді.

 Әсел Наурызбаева, ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық сервис арнайы аударма бөлімінің аудармашысы:

Президент екі жақты қарым қатынас, көп жақты қарым-қатынас болсын екі жаққа да табысты болсын деп ойлайды. Қиын тақырыптар қозғалып кетсе, сен әрине сол тығырықтан шығу керексің. Түсіндіріп шығу керексің. Қандай да сол сөздің эквивалентін түсіндіріп беру керексің. Көбінесе оның назары әлемде болсын, біздің Қазақстанда болсын, екі жақты қарым-қатынаста болсын сәтті өткеніне мен ойлаймын, ол соған тырысатын сияқты.

Сұхбаттың толық нұсқасы осы жексенбіде "Ақорда” бағдарламасында шығады. 20:50-де ұлттық арнадан көріңіздер


Хабарламаларға жазылу