Павлодар облысында заңсыз өткізілген тендер тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында заңсыз өткізілген тендер тоқтатылды

15.02.2024

Павлодар облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар бойынша жарияланған 4,4 млрд теңгенің 25 конкурсы заңсыз өткізілмек болғанын анықтады. Соңғы екеуі Баянауыл ауданында. Тексеру өткізген құзырлы орган 2 млрд 200 млн-ның тендерін тоқтатып, жауапты тұлғаларды жазалады. Мемлекеттік сатып алу басқармасы, Баянауылдағы Жаңатілек ауылында су бөгетін қалпына келтіру үшін 1 млрд теңгеге конкурс жариялаған. Дәл осыған ұқсас Қаныш Сәтбаев ауылында іске асырылы тиіс жұмыстардың құны 1 млрд 200 млн теңге, деп бағаланған. Ал, порталға тексеру жүргізген құзырлы орган тендер заңсыз өткізілген деген қорытынды шығарды.

Төребек Қалжан, Павлодар облысы прокурорының көмекшісі:

Тиісті білімі мен тәжірибесі жоқ, яғни, мемлекеттік лицензиясы жоқ шаруашылық субъектілері конкурсқа жіберілген. Талдау нәтижесінде осы аталған заң бұзушылықтар анықталып, қадағалау актісі бойынша жарияланған мемлекеттік сатып алудың күші жойылды.
Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу