Бүгін Астанада түскі ауысым оқушылары қашықтан оқиды. Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған. Үйден оқу форматы 9 сыныпқа дейінгі оқушыларға қатысты. Қазгидрометтің хабарлауынша, күн барысында Ақмола облысында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады.