Түркияның Эрзинджан провинциясында алтын кеніші опырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Эрзинджан провинциясында алтын кеніші опырылды

14.02.2024

Түркияның Эрзинджан провинциясында алтын кеніші опырылды. Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 9 адам табылмай жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына 400 маман жұмылдырылған. Провинция губернаторының айтуынша, бірнеше адам жер астында қалуы мүмкін. Алайда олардың нақты саны белгісіз. Апат болған кеніш 2010 жылдан бері алтын өндіріп келеді. Оны басқаратын «Анаголд» компаниясы 2022 жылы алтын өндіру кезінде цианид қолданғаны үшін айыппұл төлеген еді. 

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу