Ақмола облысының Степногорск қаласында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, олар бірнеше ай қатарынан жергілікті тұрғындарды қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген. Тексеріс барысында күдіктілердің алты адамға қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңгесін тартып алғаны анықталды. Барлығы алты күдікті ұсталып, 3-еуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ұмсындық Наурызбаева