Павлодарда мүгедек баланы сабаған тәрбиеші жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мүгедек баланы сабаған тәрбиеші жұмыстан қуылды

13.02.2024

Павлодарда мүгедек баланы сабаған тәрбиеші жұмыстан қуылды. Оқиға жүріп-тұруы қиын балаларға көмек көрсетуге арналған жеке меншік орталықта болған. 6 жастағы ұлым оқуға бармаймын деп мінез көрсетті. Киіндіре бастасақ болды қол аяққа тұрмай безектейді. Бұның мәнісін қауіпсіздік камераларындағы бейнежазбаларды көрген соң барып білдік , дейді Аида Дүйсенова

Аида Дүйсенова, жәбір көрген баланың анасы:

Бала сөйлей алса оны баяғыда жеткізер еді. Мен балама сендім, өйткені ол көрсетті видеодағыдай. Қалай ұрды, қай жерінен соқты, қалай жұлқылады , бәрін бала өзі көрсетті.

Мүгедек баланы денесі көгергенше ұрған тәрбиеші бірден жұмыстан қуылыпты. Ақылы орталық қазір жабық тұр. Басқа балалар да жәбір көрді ме? Бұны енді полиция анықтайды

Жанна Белялова полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Полиция тәрбиелеу мекемесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды.


Хабарламаларға жазылу