Денсаулық сақтау министрлігі Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізуді ұсынды

12.02.2024

Соңғы уақытта медицина мамандарына қол жұмсау фактілері жиіледі.

Жуырда ғана Қарағандыда ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан еді. Арада көп өтпей, Шучинск қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде осындай оқиға қайталанды. Жәдел жәрдем жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осындай жайттарды болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі Қылмыстық Кодекске өзгеріс енгізіу керек деген бастама көтерді. Осылайша минисрлік ақ халаттыдардың құқығын қорғамақ. Тіпті заңнамалық түзетулер де әзірлгенген. Енді ол құқық қорғау және тиісті органдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобында талқылауға ұсынылмақ.


Хабарламаларға жазылу