Депутаттар ҰБТ ережелеріне өзгеріс енгізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар ҰБТ ережелеріне өзгеріс енгізуді ұсынды

16.01.2014
Депутаттар ҰБТ ережелеріне өзгеріс енгізуді ұсынды
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Гүлмира Исімбаева ҰБТ  тапсыруда қазақ және орыс тілі пәндерінен жинаған балды қоса есептеуді ұсынды.
 
Журналистер сұрағына жауап берген депутат: «Кезінде министрлік бұл ережені орыс мектептерінде қазақ тілінің деңгейін көтеру мақсатында енгізген болатын. Енді мәселені әділ түрде шешуіміз керек. Әр тапсырған пәннің ұпайы  жоғары оқу орнына түсерде есептелуі тиіс», деп атап өтті.
 
«Бал есептелмеген соң бұл пәннің оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де маңызы жоғалады», дейді Г.Исімбаева.
 
Өз кезегінде Білім және ғылым вице-министрі  Такир Балықбаев арнайы жұмыс тобын құрып, бұл ұсынысты қарайтынын айтты.
 
Айта кетейік, бұдан бұрын депутат Зағипа Балиева оқушының спорттағы жетістіктері мен қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін  бал қосу қажеттігі жөнінде ұсыныс айтқан болатын.

Хабарламаларға жазылу