Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

12.02.2024

Еуразиялық даму банкі суды үнемдейтін технологиялар үшін 10 миллион доллар бөлуге дайын. Банктің басқарма төрағасы Николай Подгузов осылай деді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған ол суды есепке алатын жобаларға да 400 миллион доллар құюға әзір екенін айтты. Еуразиялық даму банкінің ел экономикасына бағытталған инвестициясы екі жылда 1 миллиард доллардан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде БАНК қолдау білдірген инфрақұрылымдық жобалардың маңызды екенін ерекше атап өтті. 

Хабарламаларға жазылу