Елімізде орман өрттерінің алдын алуға және онымен күресу үшін 70 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбек. Бұл қаражаттың қандай мақсатта жұмсалатынын бүгін Экология және табиғи ресурстар министрі Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты. Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, министрлік 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар кешенін әзірледі. Ол орман шаруашылығының тозығы жеткен материалдық-техникалық базасын жаңартуға бағытталған. Мыңнан астам арнайы техника, яғни, өрт сөндіру және патрульдік машиналарды сатып алу көзделген. Тағы сонша цистерна сияқты қондырғыларды алу жоспарда бар. Әрі орманды бақылау мұнаралары салынып, өртті ерте анықтауға мүмкіндік беретін ақылды жүйелер орнатылмақ.
Досжан Маратұлы