Алматыда биыл көктемде Шымбұлаққа барар жол бойындағы тау беткейлері нығайтылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. Ал былтыр күзде Медеу-Шымбұлақ жолында құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары басталған. Қазан айынан бері «Мохнатка» және «Горельник» тау беткейлерінен 80 мың шаршы метрге жуық тас шығарылған. Сондай-ақ, 17,6 мың текше метр үйінді тазартылды. Әкім халық алдында нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары биыл күзде аяқталады деп уәде берді.
Әйгерім Ердәулет