Балаларын өлтірді деген күдікті тәрбиеші болып жұмыс істеп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларын өлтірді деген күдікті тәрбиеші болып жұмыс істеп келген

08.02.2024

Екі баласын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды.Бұған  дейін хабарлағанымыздай, Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде екі баланың мәйіті табылған. Полиция күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстап, қамауға алды. Тиісті сараптамалар мен тергеу жүргізілуде. Ал күдікті әйелдің Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы 46 мектепте мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі болып , 2014-інші жылдан бері қызмет атқарып келгені белгілі болды. Бұл ақпаратты Шиелі аудандық білім бөлімі растады.

Асқарбек Есжанов Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы:

Енді әріптестерінің айтуынша да, осы білім бөліміндегі әріптестерімен сұхбаттасқанда да ешқандай мінезінде ауытқушылықты байқамаған. Қандай да бір диспансерлік есепте тұрмайды. Өзі толық-қанды отбасы. Жұбайы мен ата-енесімен бірге тұрады. Кәдімгі толық отбасы. Сондықтан, қазір ІІоргандарымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу