Жетісу облысының әкімдігі Ұлттық кітапханаға 500 кітап сыйға тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының әкімдігі Ұлттық кітапханаға 500 кітап сыйға тартты

08.02.2024

Жетісу облысының әкімдігі Ұлттық кітапханаға 500 кітап сыйға тартты. Онда 150 ақын-жазушы, композиторлар мен суретшілердің авторлық туындылары жазылған. Барлық кітап «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында 2006 жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан. Шара барысында былтыр баспадан шыққан жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанат Елшібек пен журналист, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадыр Әлімқұлов кітаптарының тұсауы кесілді. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының айтуынша, аймақ әкімдігі жыл сайын жергілікті бюджет есебінен ақын-жазушылардың жинақтарын басып шығаруға көмектеседі.

Қуаныш Сүлейменов, Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

Бұл енді тек қана Жетісу өңірінің ғана емес осы Арқа төріндегі, республика деңгейіндегі Астана қаласының оқырмандары және Астана қаласының қонақтары келіп, осы кітаптарды кітапханадан алып Жетісу өңірінің ақын-жазушылардың шығармасымен танысуға үлкен мүмкіндік тиетін бір ерекше жоба деп білемін. Бұрын-соңды болмаған дүние. Тұңғыш рет орындалып тұрған дүние. Сондықтан біз қобалжу үстіндеміз деп айтсам болады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу