Қонаев қаласында тұрғын үй құрылысы уақытында аяқталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласында тұрғын үй құрылысы уақытында аяқталмаған

08.02.2024

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар уақытылы пәтерлерін ала алмай отыр. Оған себеп, тапсырыспен салынып жатқан үйлердің құрылысы толық аяқталмаған.

Мәселен,қаланың 10-шы шағын ауданында құрылысы ұзаққа созылған 60 пәтерлі үш тұрғын үй бар. Көпқабатты үйлердің сыртқы және ішкі жұмыстары әлі бітпеген.Қаланың коммуналдық қызметі барлық инфрақұрылымды тартып қойса да, үй желілерге қосылмаған.

Аулаларды абаттандыру жұмысы басталмаған. Олқылықты жылдам реттеу үшін 5 рет хат жолдадық деген әкімдік, енді мердігер компанияны сотқа берген. Сондай-ақ, әкімдіктің құрылыс бөлімі де жауапқа тартылған. Айта кетейік, проблемаға айналған көпқабатты тұрғын үйлерді «SHEBERBUILD» ЖШС салып жатыр. Әзірге екі айға кешіктірілген құрылыс нысаны көктемге тұрғындарға тапсырылады деп күтіліп отыр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу