Екі баласын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде екі баланың мәйіті табылған болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстап, қамауға алды. Тиісті сараптамалар мен тергеу жүргізілуде. Ал күдікті әйелдің Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы 46 мектепте мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі болып, 2014 жылдан бері қызмет атқарып келгені белгілі болды. Бұл ақпаратты Шиелі аудандық білім бөлімі растаған.