Алматыдағы лай көшкіні: Бір адамның мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы лай көшкіні: Бір адамның мәйіті табылды

08.02.2024

Алматыдағы лай көшкіні астында қалған үйден бір адамның мәйіті табылды. Шаһардың таулы аймағында қала әкімінің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Қазір оқиға орнында әріптесім Қуан Нұрақын жүр.

Қуан Нұрақын, тілші:

Өкінішке қарай, төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір лай астынан 2007 жылы туған жасөспірімнің мәйіті табылған. Қалған үш адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі құтырқару жұмыстарның ұзаққа созылуына көшенің тарлығы себеп болып отыр дейді. Өйткені, лайға толы көшеге арнайы көліктер мен құтқарушылардың кіруі қиындаған. Қазір оқиға орынында 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Айта кетейік, үйінді астында қалған бір отбасының мүшелері, 4 адам. Яғни, ерлі-зайыптымен, 17 жастағы егіз балалар. Оқушылар мектепке келмеген соң, мектеп директоры үйіне іздеп келген. Қазір «Олимпиская» көшесінің тұрығындары түгел туған-туыстарының үйінде. Жергілікті тұрғыннің біреуінен сұхбат жазып алған едік. Оқиғаның мән-жайын өзінін білсек.

Тұрәлі Өңірбаев, қала тұрғыны:

Судың трубасы ғой, ішетін су бұл жерде жоқ, сондықтан жұрт тез тез осып алғысы келеді, біреуі қосқан ғой, дұрыс қоспаған сол жиналған, ол бірінші рет емес бұл тауда, судың мәселесі мен жердің кетіп жатқаны, мында да кеткен уақытында, мында екі рет кетті. Заңды, заңсыз болса мен оларды да предупреждать еткенмін, мына трубаларыңды дұрыстап қойыңдар деп, терең қазбаңдар, тауда терең қазуға болмайды, жоғарыға шықсын бірден, жарылғаны білінсін астына жиналмасын деп. Бұлар 2-2,5 метрдей қазады да, трубаны тастаған қалай болса солай. Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин үйдің 60 пайызы тазаланғанын, негізгі күрделі ашу жолдары анықталғанын айтты. Сондай-ақ, ол қасында тұрған үйлерге қауіп жоқ дейді.

Еркебұлан Оразалин, Медеу ауданының әкімі:

Апат болған жерлердің бәрін тазартып жатырмыз. Бір-екі сағатта апатқа ұшыраған үйлерді толығымен тазалап, жоғарғы жақта түсіретін жерлерге қатысты жұмыстар атқарылады. Кешке дейін комиссия жұмыс істейді. Жоғарғы жақта қандай қауіпті жерлер барын анықтап, кешке дейін қосымша ақпарат береміз.

Айта кетейін, дәл қазір ғана тағы да үш адамның денесі табылғаны айтылып жатыр. Бірақ бұл ресми емес. Сәлден соң нақты мәліметті жариялайтын болады. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу