Балқаш көлінің жағасынан ер адамның мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш көлінің жағасынан ер адамның мәйіті табылды

12.04.2022

Тексере келе ол 2021 жылы 24 қарашада балық аулауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен жергілікті тұрғын Болат Дүйсембаев болып шықты. Оны жақындары сол кезде қанша іздестіргенімен таба алмаған еді. Тек жағалауда киімдері ғана жатқан. Балықшы суға батып кетуі мүмкін деген болжам айтылған. Кейін көл бетін мұз басқанда іздеу жұмыстары тоқтатылған. Ал көктемде көл мұзы жібіп, мәйіт толқынмен жағаға шығып қалған. Марқұмның денесінде ешқандай соққы іздері жоқ.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу